Сіздің компанияңыз PCI DSS стандартына сай келе ме?
Иә, біздің компания PCI DSS стандартына сәйкес, ресми растау 2010 жылдың 24 тамызында алынған.
CVV2,CVC2 деген не?
Бұл сіздің төлем картаңыздың сырт жағында басылған үшмәнді код. Ол интернет арқылы тауар/қызметке төлем жасаған кезде қажет.
Егер интернет-дүкен тауарды жеткізе алмаған күнде, қызметті орындамаған жағдайда ақшаны қалай қайтарып аламын?
Ақшаны қайтарып алу үшін,сіз төлем жасаған компанияның қызметкерлеріне жүгініп,қайтарым жасауды өтінесіз.Ойдағыдай төлем жасағандығыңызды растайтын чек/түбіршекті ұсынуыңыз қажет. Егер дүкен сізге қайтармаған жағдайда,сіз өз банк-эмитентіңізге жүгініп, транзакцияның күшінің жойылуын талап етесіз.
Төлем картасы балансында ақша жетерлік болса да интернет-дүкенде тауарға төлем жасай алмаймын, себебі неде?
Төлем формасының шетінде ақпараттың дұрыс толтырылғанына көз жеткізіңіз, егер дұрыс толтырылған болса, онда сіздің банк-эмитентіңізбен интернетте төлем жасауға шектеу қойылған. Шектеуді алып тастау үшін өзіңіздің банк-эмитентіңізге төлем картасын шығарған банкке жүгініңіз. Банктегі белгіленген тәртіпке орай бұл шектеуді банкке телефон соғып немесе жазбаша түрде өтініш беру арқылы алып тастауға болады.
Интернет-дүкенде қалай төлем жасауға болады?
Төлем картасының көмегімен төлеу процестерімен сіз осында таныса аласыз.
Сіздің қорғалған төлемдік бетіңізді пайдалану қаншалықты қауіпсіз?
Processing.kz қауіпсіз төлем беті Халықаралық Visa және MasterCard төлем жүйелерінің барлық талаптарына сай келеді. Біз PCI DSS қа сертификаттауды өттік және тоқсан сайын тиісті аудит өтіп отырамыз.
Processing.kz 3-D Seсure хаттамасын қолданады,барлық төлем беттері SSL-шифрлеуді қолдайды.
Processing.kz қорғалған төлем беттерін қолдану үшін,менің интернет-дүкеніме SSL –сертификат сатып алу қажет пе?
Біздің қауіпсіз төлем картамыз сертификаттаудан өтіп, өзінің SSL сертификаты болғандықтан, ондай қажеттілік жоқ.
Транзакция бойынша есеп қалай беріледі?
Processing.kz жүйесінде жүргізілген операциялардың есебі интернет-дүкеннің жауапты қызметкерінің электрондық мекен жайына жіберу арқылы күнделікті негізде ұсынылады.
Үстем ақының есептен шығарып тастауы қалай жүргізіледі?
Әрбір транзакцияны өңдеген кезде банк үстемақысы автоматты түрде ұсталып отырылады.
Интернет-дүкенде сатып алу сомасына шектеу қойыла ма?
Сатып алу сомасына шектеу сіздің қаржылай есеп-қисабыңыздың негізінде банк-эквайермен белгіленеді, бұл сома келісім-шартта бекітіледі.
Жүргізілген транзакцияларға үстемақылық сыйақы қандай?
Әржағдайда банк жекелей шарт жасайды. Бірақ тестілік кезеңде «Қазақстан Халық Банкі»АҚ барлық Visa және MasterCard карталары бойынша әлемнің кез келген банкінде 3 пайыз мөлшерінде бірыңғай үстемақылық сыйақы белгілеуге шешім қабылдады.
Қаншама уақыт ішінде банк ТСП есебіне шығынды өтей алады?
Транзакция бойынша өтеу үшін ақша енгізу мерзімі банкпен мерчантқа қойылған тәуекелдік деңгейіне орай белгіленеді. Тәуекелдік деңгейі банктің ішкі ережелерімен анықталады және бірқатар деректерге тәуелді (сіз жұмыс істейтін нарықтың сегментінен бастап,сіздің кредиттік тарихыңызға дейін).