CVV2,CVC2 деген не?
Бұл сіздің төлем картаңыздың сырт жағында басылған үшмәнді код. Ол интернет арқылы тауар/қызметке төлем жасаған кезде қажет.
Егер интернет-дүкен тауарды жеткізе алмаған күнде, қызметті орындамаған жағдайда ақшаны қалай қайтарып аламын?
Ақшаны қайтарып алу үшін,сіз төлем жасаған компанияның қызметкерлеріне жүгініп,қайтарым жасауды өтінесіз.Ойдағыдай төлем жасағандығыңызды растайтын чек/түбіршекті ұсынуыңыз қажет. Егер дүкен сізге қайтармаған жағдайда,сіз өз банк-эмитентіңізге жүгініп, транзакцияның күшінің жойылуын талап етесіз.
Төлем картасы балансында ақша жетерлік болса да интернет-дүкенде тауарға төлем жасай алмаймын, себебі неде?
Төлем формасының шетінде ақпараттың дұрыс толтырылғанына көз жеткізіңіз, егер дұрыс толтырылған болса, онда сіздің банк-эмитентіңізбен интернетте төлем жасауға шектеу қойылған. Шектеуді алып тастау үшін өзіңіздің банк-эмитентіңізге төлем картасын шығарған банкке жүгініңіз. Банктегі белгіленген тәртіпке орай бұл шектеуді банкке телефон соғып немесе жазбаша түрде өтініш беру арқылы алып тастауға болады.
Интернет-дүкенде қалай төлем жасауға болады?
Төлем картасының көмегімен төлеу процестерімен сіз осында таныса аласыз.