Қосылуға қанша уақыт кетеді?
Processing.kz жүйесіне техникалық қосылуға 1-2 күн қажет (интернет-дүкеннің сайтының ішкі өңдеуін есептемегенде). Бұл сәтке дейін сіз банкпен, келісім-шарт жасасуыңыз керек, оған 2-ден 7 аптаға дейін уақыт кетеді.
Сіздің жүйеңізге қосылуға қажетті құжаттар тізімін қайдан алуға болады?
ҚР «CNP Processing GmbH» фирмасының филиалы, Екатерина Бойко, клиенттермен жұмыс жасайтын менеджер,e-mail : info@processing.kz, тел.:+7 727 244 04 77. Мекен жайы: Шевченко 118, БЦ «Алтын Ғасыр», 116 кеңсе немесе Банкте.
Қарым-қатынастар заң жүзінде қалай рәсімделеді?
Visa, MasterCard және Maestro төлем карталарының көмегімен төлемді қабылдау қызметін қосу үшін интернет-эквайрингте банкпен келісім-шарт жасау қажет. Келісім-шарт тек заңды тұлғалармен жасалады. Келісім-шартқа қол қойғаннан кейін (немесе шарт жасасу процесімен қатар) сіздің интернет-дүкеніңіздің Processing.kz төлемдік шлюзімен интеграция жасалады.
Сіздің жүйеңізге қосылу қанша тұрады?
Processing.kz-тің төлемдік шлюзіне қосылу, қызмет көрсету сияқты, тегін. Сіз тек интернет-эквайринг үшін тікелей банкке төлейсіз.
Сіздердің жүйелеріңізге қосылғаннан кейін, менің интернет-дүкенім қандай төлем карталарын қабылдайды?
Интернет-дүкенде төлем жасау үшін сіз әлемнің кез келген банкінің Visa, MasterCard және Maestro төлемдік карталарын қабылдай аласыз.
Менің төлемдік картамның деректеріне қауіпсіздік кепілі бар ма?
Карта бойынша құпия ақпаратты жинау және өңдеу сатушының сайтында емес, Processing.kz процессинг жүйесінде жасалады.
Деректерді беру қауіпсіздігі SSL протоколы және қорғалған жабық банк жүйелерін қолданумен қамтамасыз етіледі. Деректерді сақтау қауіпсіздігін PCI DSS сертификациясы қамтамасыз етеді. Processing.kz жүйесінде тек жүйе жұмысы үшін міндетті түрде сақтауға арналған ақпарат қана сақталады.