Processing.kz - Қауіпсіз сатып алу бойынша ұсыныстар
Қазақша

Қауіпсіз сатылым бойынша ұсыныстар

Қауіпсіз сатып алу бойынша ұсыныстар

Кейінгі жылдарда электрондық коммерция кең ауқымдылыққа ие болды. Ыңғайлы, пайдалы және оңай болғандықтан интернет-дүкеннен сатып алу жылдан-жылға бүкіл әлемде кең тарап сенімділікке жетті. Компьютер мен Интернетке шығатын желі болса болғаны, тауарлардың ассортименті мен қызметі шектеүсіз – антикварлық жиһаздан бастап кеңсе тауарларына дейін, тұрмыстық техникадан азық-түлікке дейін, кітаптардан бастап бүкіл әлемге туристік жолдамаларға дейін. Интернет-дүкендердегі жеңілдіктердің басқа дүкендерге қарағанда жиірек болатынын айтпағанның өзінде, көтере сату кезеңінің өзінде де кезек болмайды. Интернетте төлем тәсілдерінің көп түрлері бар. Бүкіл әлем бойынша алыстан төлеудің ең танымал және қолайлы түрінің бірі банктік карточканың көмегімен төлеу болып қалады. Интернет-дүкен алаяқтардың көздеген нысанасы екенін де ұмытпау керек. Интернетте қорықпай төлем жүргізу үшін алаяқтармен күресте технологияның кең шоғырлары қолданылады. Банктік карточкалармен операциялар жүргізуде Қауіпсіздікті жүзеге асыру үшін операция жүргізетін төлемдік шлюз бүгінгі таңда ең сенімді технология – 3-D Seсure ұстанады. Ал төлемдік шлюздің серверімен қауіпсіз қосылу үшін 128 биттік шифрленген TLS/SSL және 2048 биттік кілтпен шифрленген сертификатпен жүзеге асырылады.Интернет-дүкенде картамен төлем жасау қауіпсіз екендігін қалай білуге болады?

 

Төменде төлем кезінде көңіл аударатын өлшемдер тізімі келтірілген:

 

  1. Анықтамалық ақпарат алу үшін заңды және нақты мекен жайы, телефоны, электронды поштасы сайтта көрсетілуі керек.
  2. Интернет-дүкеннің банктік реквизиттері.
  3. Интернет-дүкеннің беттерінде көрсетілген Verified by Visa немесе MasterCard SeсureCode логотиптері,оның «қауіпсіз төлем жүйесіне» қатысушы екенін көрсетеді. Сол себепті Visa және MasterCard банктік карталарының иелері өздерінің сатып алған заттары үшін еш қорықпай онлайн төлей алады.
  4. Процедураларды және төлем мерзімдерін, жеткізу және қате жіберген жағдайда төлемді қайтару жағдайларын сипаттау. Интернетте транзакция аяқталғанға дейін, тауарды жеткізу және қайтару тәртіптерін оқыңдар. Тауарды қайтаруға бола ма және қайтарылған тауар шығындарын кім көтеретінін біліңдер. Әдетте, толық ережелері мен жағдайлары дүкеннің веб-сайтында жарияланады. Егер олар жоқ болса, мүмкін сізге ол дүкеннен сатып алмағаныңыз жөн шығар.
  5. Интернет-дүкен туралы сын-пікірлерді оқыған артық болмайды
  6. Егер бұл сіз ойдағыдай тауар сатып алған интернет-дүкен болса, браузердің адрестік жолына, сайт адресіне артық әріп қойылмауына, «о» әрпі «0» санына ауыстырылмауына мұқият назар аударыңыз.
  7. Біздің компания ешбір жағдайда сізден картаның PIN-кодын сұрамайды, тек CVV2/CVC2 коды (сіздің картаңыздың сыртқы жағында басылған) сұрайды, ешбір жағдайда оны басқа адамдарға, оның ішінде банктің демеу қызметіне немесе біздің компаниямызға айтпаңыз.
  8. Егер сіздің картаңыз Verified by Visa немесе MasterCard SeсureCode бағдарламасына қатысса, өзіңіздің интернет-пароліңізді құпия ұстаңыз. Ешқашан және ешкімге өз пароліңізді айтпаңыз.

Егер сіз ұнатқан интернет-дүкеннің бетінде тауарды/қызметті таңдап алған болсаңыз және барлық жоғарыда айтылған өлшемдермен қанағаттансаңыз, келесі қадамыңыз төлемді дәлелдеуге көшеді.

 

Тамаша сатып алуларды тілейміз!

      

MasterCard банктік карталарының иелері өздерінің сатып алған заттары үшін еш қорықпай онлайн төлей алады.